Қазақстанда 1 қыркүйек күні қанша бала мектеп табалдырығын аттайды?

Жаңалықтар

Жаңа оқу жылының басты ерекшелігі – орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектің енгізілуі.

Сонымен қатар, биыл елімізде 1-сыныпқа қабылданатын балалар саны да аз емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мектеп бітіретін сыныпқа, яғни 11-сыныпқа 232 мың оқушы өтіп отыр.

– Қазіргі кезде елімізде 8 мыңан аса мектепте 4,1 миллион оқушы білім алуда. Биыл 341 мың бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады. Жаңа оқу жылының ерекшелігі, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілетін болады. Ол үшін "Цифрлық сауаттылық" және "Информатика" пәндеріне жасанды интеллект интеграцияланды, этикалық стандарттары бекітілді. 1-11-сынып оқушыларына арналған "Day of Al" онлайн курстары және педагогтерге арналған курстар әзірленді, – деді ол Үкімет отырысында.

Жаңа оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Келешек мектептері" моделін басқару жүйесі іске қосылмақ. Осы мақсатта оны басқарудың және аккредиттеудің стандарттары әзірленген.