Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды

Жаңалықтар

Нью-Йорк губернаторы Кэти Хочул жағдайдың нашарлауы мүмкін екенін ескертті.

Нью-Йорк билігі қала маңындағы орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Bild басылымына сілтеме жасап.

Лонг-Айлендте жаппай орман өртеніп жатыр. Бұнда Стивен Спилберг, Алекс Болдуин және Дженнифер Лопес сияқты атақты адамдар тұратын үйлер бар.

"Мен ауаның сапасына алаңдаймын. Қою түтіннің үлкен қауіп төндіруі мүмкін", – деді губернатор Хочул CNN-ге.

АҚШ Ұлттық гвардиясы өртпен күресу үшін төрт Blackhawk тікұшағын жіберді. Нью-Йорк штатындағы кейбір жолдар өртке байланысты жабылып, тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр.

Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз, бірақ жергілікті тұрғындар өрт көлік өртеніп кеткен апаттан кейін шығуы мүмкін болжам айтады.