Құлсары қаласындағы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 7 шілде күні болды.
Жол қиылысында мопед мінген 12 жастағы бала автобусқа соғылып, қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, "ПАЗ Вектор Некст" маркалы автобус бұрылып жатқан кезде, мопед қатты жылдамдықпен келіп, оның бүйірінен соққан. Қатты соққының салдарынан бала ауыр жарақат алып, шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді.
Өкінішке орай дәрігерлердің бар күш-жігер салғанына қарамастан, жеткіншекті аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазір бұл апаттың себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды.