Мальоркадағы Ryanair ұшағындағы өрттен 18 адам зардап шекті

Жаңалықтар

Ирландиялық Ryanair компаниясына тиесілі ұшақ бортындағы өрттен 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ryanair ұшағы бортындағы өрт туралы хабарлағаннан кейін әуе кемесі Пальма-де-Майорка әуежайына қонды, – деп хабарлады Diario de Mallorca.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, дәрігерлер ұшақтағы 18 жолаушыға көмек көрсетті. Олардың көпшілігі ұшақтың қанатындағы авариялық шығулар арқылы эвакуациялау кезінде жарақат алған. Алты адам ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.