Ақтөбе облысында атасы мен немересі көлікпен суға батып кетті . Олардың денесі иісшіл иттің көмегімен табылды.
Оқиға Хромтау ауданында болған. 1959 жылы туған азамат Құдықсай ауылынан Toyota Hilux көлігімен шығып, қайта оралмаған. Қасында мектеп жасындағы немересі болған.
Құтқарушылар дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Кинолог маман иісшіл итпен жоғалғандардың ізіне түсіп, нәтижесінде марқұмдардың денесі Ор өзенінен табылды.
Аслан Арзымбетов, ТЖД басқарма бастығы:
Өзен арнасын барлау барысында автокөлік табылды. Сүңгуірлердің жұмысы нәтижесінде 2,5 метр тереңдіктен және жағадан 4 метр қашықтықтан баланың денесі, сондай-ақ көлік пен ер адамның денесі судан шығарылды.
Жақсыбек Кемал