Қазақстандық теннисші Ноттингем турнирінің финалына шықты

Жаңалықтар

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританиядағы Ноттингем WTA 250 турнирінің ақтық сынына жолдама алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Отандасамыз жапониялық Эна Сибахарамен бірге жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, тайбэйлік Се Шувэй – қытайлық Чжан Шуаймен кортта кездесті. Бірінші кезеңде тайбэйлік-қытайлық жұп басымдылық 7:5 есебімен басым болған.

Екіншісінде Данилина — Сибахара есе қайырды — 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:4.

Бір сағат 39 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-жапониялық жұп 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Анна Данилина — Эна Сибахарамен финалға шығу үшін ресейлік Ирина Хромачева – мажарстандық Фанни Столлар немесе бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя – германиялық Лаура Зигемунд жұптары таласады.