Бүгінде жер шарының ең табысты теннисшілерінің бірі саналатын Еленаның ракеткасы аукционға қойылды.
Алматыда UNICEF Gala Dinner "Dreams Without Borders" қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Кештің ең есте қаларлық сәттерінің бірі — қайырымдылық аукцион. Сол аукционда Қазақстан теннис федерациясы ұсынған Елена Рыбакинаның қолтаңбасы бар ракеткасы, формасы және теннис добы 7 миллион теңгеге сатылды.
Кеш барысында барлығы 283 миллион теңге жиналды. Жиналған қаражат Қазақстандағы жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау мен нығайтуға бағытталады.