Отандық теннисші Анна Данилина Лонодонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық теннисші мен ресейлік Диана Шнайдер ширек финалда аустралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчикпен бақ сынады. Есеп: 7:6(4), 6:4.
Енді Анна Данилина Диана Шнайдер WTA 500 турнирінің жартылай финалында аустралиялық Эллен Перес мен қытайлық Чжан Шуайға қарсы ойнайды.