“Жәннәт 7 мың доллар тұрады” деп даулы мәлімдеме жасап, ел арасында қызу талқыға түскен блогер, дін өкілі Жанәділ Райымбеков адамдар арасында азғындықтың көбейгенін айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогердің айтуынша, қоғамдағы азғындықтың көбеюі мен жүректің қатаюынан садақа беру арқылы арылуға болады екен.
”Астанада мектеп жасындағы қателеспесем, 9-10 жастағы қызды өзінің атасы зорлады деген ақпарат тарады. Бұл неден болатынын білесіздер ме? Бұл — азғындықтан болады. Ал, азғындық порно көруден немесе шайтанның сол нәрсеге азғырып, азғындыққа алып баратын төте жолдардың бірі арақ ішу, наркомания секілді нәрселерден келеді. Ал оның барлығына жүректің қатаюы алып келеді. Пайғамбарымызға (с.ғ.с)бір кісі келіп, “жүрегім қатайып кетті” деп шағым айтады. Сонда Алланың елшісі “егер, жүрегің қатайса, жетімнің басын сипа, кедейге тамақ бер, садақа бер” деген. Жүректің жұмсаруы үшін біз садақа берушілерден болуымыз керек”, — дейді ол.
Желі қолданушылары дін өкілінің бұл мәлімдемесіне түрлі пікір жазуда.
”Әуелі қоғамдағы ерлер өздерін тәрбиелеу керек. Сонда азғындық азаяды”, “Садақа беру дұрыс шығар, бірақ онымен бәрі шешіле қоймайды ғой”, “Адамдар не болып барады, хайуаннан айырмамыз қалды ма”, — деп жазды олар.