Әлеуметтік эксперимент: қоғамның зорлық-зомбылыққа реакциясы

Жаңалықтар

Нөлдік төзімділік. Күнделікті өмірде болатын түрлі бұзушылықтарға қоғамның реакциясы қандай? Біреуге әлімжеттік, зорлық-зомбылық көрсетіп жатқанда бейтаныс біреу көмекке келе ме, әлде көрмеген сыңай таныта ма?

Көп жағдайда адамдар зорлық-зомбылыққа қарсы ешқандай іс-әрекет жасамайды. «Ой, бұл менің шаруам емес, менің жұмысым емес», – деп бейжай танытатындар көп. Шынымен солай ма? Бұны бүгін біз тексеріп көрмекпіз. Біздің әлеуметтік экспериментке Өрден және Сержан есімді актёрларымыз қатысады.

Бұл, әрине, әлеуметтік эксперимент. Бірақ бұндай жағдай әркімнің басына да түсуі мүмкін. Егер осы жағдайға сіздің досыңыз, балаңыз немесе ата-анаңыз тап болса, бәрінің үнсіз қалғанын қалар ма едіңіз? Әлде қоғамда нөлдік төзімділік болу қажет пе?

Авторлары: Риат Шони, Мадияр Қындыбаев