Оралда жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам ауруханаға түсті. Оның біреуі — 13 жастағы қыз бала. Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның жүруге тыйым салынған белгісіне жүріп кетіп, жеңіл көлікке соқтығысқан. Салдарынан көлікте жолаушы болған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді .
Ал жедел жәрдем көлігіндегі 28 жастағы науқас әйел мен екі фельдшер қалалық және облыстық көпбейінді ауруханаға түсті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ардақ Мұратқызы