Шерзат сотында куәгер қыздардың әрекеті қайта тексерілетін болды

Жаңалықтар

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай деп қос қыздың әрекетін тексеруді сұраған еді.

Оның сөзінше, Нұрбекова мен Жақсыгелді қылмыстан соң көлік ішінде ешбір уайымсыз, көңілді отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот үкімін оқыған соң судья сот отырысына куәгер болып қатысқандардың әрекетін тексеру үшін прокуратураға қосымша ұсынды.

– Сот қаулы етті. Розыбакиев, Қазыкенов, Жақсыгелді, Нұрбековаға қатысты тексеру жүргізу қажеттілігі туралы Алматы облысының прокурорының назары аударылсын. Жекеше қаулыны қарау және қолданылған шараларды нәтижесі туралы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 1 айдан кешіктірмей хабарлансын. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар қаулы көшірмесін алған күннен бастап 15 тәулік ішінде, ал сот қатысқандар қаулы жариялаған күннен бастап белгіленген мерзім ішінде Алматы облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты арқылы Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляция алқасына шағым немесе прокурор өтінішхатын келтіруге құқылы, – деді Ержан Жанұзақов.

Бұған дейін сотталғандардың отбасы сот залында шу шығарғанын жазған едік.