Сот Алика Мұхамадиеваға үкім шығарды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты діни және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот мәліметінше, 2025 жылы жазда М. Threads желісінде ұлттық, діни араздық пен өшпенділікке қатысты сөздер жазған.
Сот шешімі
Сот үкімімен М. ҚР ҚК-нің 174-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды. Бұған оның 2 жасар баласы бары негіз болған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!