Мал амандығына мән берсек

Жаңалықтар

Өңірде тасқын су қауіп төндіріп тұрған елді мекендерден мал басын алдын ала эвакуациялау жүріп жатыр. Апат ай­тып­ келмейді, былтыр көктемде төтеннен келген телегей су та­лай малды жалмап кеткені белгілі. Өткен күннің ащы са­­бағы биыл Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті ат­қа­­ру­шы билік өкілдерін ертерек қамдануға мәжбүрлеп отыр.

Тиісті орындар қызыл су қыс­паққа алған жағ­дайда ауыл­ша­руа­­шылық шығындарының алдын алатын, төрт түліктің қауіп­­сіздігін қамтамасыз ететін арнайы эвакуация орын­да­ры­ның картасын әзірлеп қойды. Аталған картада қа­уіп­­сіз тұ­рақ­тардың орны қай жер­де, оған неше мал сыяды, малды қалай айдап апару керек, су құрсауында қалған төрт тү­лікке жемшөп қайтіп жет­кі­зі­­леді де­ген мәселелерге дейін нақ­ты­лан­­ған.

Ақпараттық штабтың мәлі­метінше, бүгінге дейін былтыр алапат тасқын болған аймақ­тардағы малдың дені эвакуа­ция­ланған. Мәселен, Арқалық қала­сына қарасты Екідің, Қа­йыңды, Әбдіғапар хан, Жал­ғыз­тал елді мекендеріндегі 14 шаруа қожалығының малы қауіпсіз жерлерге көшірілген. Амангелді ауданында 77 қожа­лыққа қарасты 43 қыстақ пен Үрпек, Қабырға, Құмкешу ауылдарындағы мал түгелдей қауіпсіз аймаққа шығарылды. Қалған 34 қожалықтың малы жақын күндері көшірілмек.

Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД өкілдері мал иелеріне қауіпті жағдайдың жөнін түсіндіріп, мал тұрағына арналған уақытша орындарды дайындау, жемшөп қорымен қамтамасыз ету сияқты кешенді дайындық жұмыстарын ойда­ғы­дай атқарып шықты.

Сонымен қатар шалғайда жатқан Жангелдин ауданын­да да су тасқыны қаупі бар ай­мақтар жіті зерттелді. Нәти­же­сінде, қауіпті аймақта орна­ласқан 41 шаруа қожалығы анық­талып, бұл жөнінде жер­гі­лікті тұр­ғын­дар хабардар етілді. Бүгін­ге дейін 13 қожа­лықтың малы қауіпсіз жерге көшірілді.

Қостанай облысы