Шығыстағы Өскемен – Риддер бағытындағы жол биыл толығымен жөнделіп бітеді. Былтыр 30 шақырым толық жаңартылған. Енді қалған 75 шақырымнан астамы тау арасындағы бұралаңы көп ең қиын әрі қауіпті аумақ. Сондықтан бұл бөлікті жөндеуге 5 бригада жұмылдырылды. Өскемен – Риддер бағытында кен қазып, оны өңдейтін кәсіпорындардың ауыр техникалары да үздіксіз қатынайды. Ал жолдың сапалы салынуы ең негізгі мәселе. Сол үшін мердігер мекемелер құрылысқа қажетті тас пен топырақты жергілікті жердің өзінен алып төсеп жатыр. Бетонның қалыңдығы да 25 сантимерден кем болмайды. Жалпы биыл бұл өңірде республикалық маңыздағы бірнеше бағыттағы жолдың құрылысы аяқталады.
Алмас Хасенов, «Қазавтожол» ҰК облыстық филиалы директорының орынбасары:
ШҚО бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында биылғы жылға орташа жөндеу жұмыстары жалпы 357 шақырымды құрайды. Оларға тоқтала кетсек, Өскемен – Риддер, Өскемен – Шемонаиха және Өскемен – Алтай – Қатонқарағай бағытында және Қалжар – Марқакөл бағытында қарастырылған.
Олжас Әмір Темір