ҚР Ұлттық банк елдегі валюта айырбастау пункттеріне бағам жазылған тақтаны көшеге ілуге тыйым салады.
Аталған қаулы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаулыны көпшілік 14 сәуірге дейін талқылай алады.
Қаржы қадағалаушы мекеме қазір айырбас пункттерінің бағам тақталары көше жарнамасына жатпайтынын мәлімдеді. Сол себепті оларды ғимараттарға, жол белгілерінің үстіне, қоғамдық орындарға бейберекет іліп тастауға қарсы.
Егер қаулы ресми түрде күшіне енсе, валюта бағамынан хабар беретін мәлімет тақтасын пункт орналасқан ғимарат ішінде ілуге ғана рұқсат.
"Кейде мұндай мәлімет тақталары жол қауіпсіздігі талаптарын бұзады, жол қозғалысына кедергі келтіреді", – деп түсіндірді Ұлттық банк.