Павлодар облысында 45 мың га жерге шыбын-шіркейге қарсы дәрі себіледі

Қосшы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ертіс-Баян өңірінде шыбын-шіркейлерді улайтын аумақ 45 мың гектарға ұлғайтылды. Сәуір айынан бастап 172 мың гектар алқапты биологиялық және химиялық өндеу жұмыстары басталады. Жәндіктерді жою құрлық, су және әуе арқылы жүргізіледі. Павлодар мен Ақсу қаласы, Ертіс, Ақтоғай, Тереңкөл, Павлодар аудандарында 10 ұшақ аспаннан дәрі бүркеді. Маусымдық жұмысқа жүзден аса адам жұмылдырылады.

Дияр Қайыркенов, Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда дайындық жұмыстары басталды бізде. Ең алдымен дәрі-дәрмектің келуі бізде наурыз айына болжанған. Сәуір айынан тікелей реттеу жұмыстары басталатын болады, үш кезеңнен тұратын. Бірінші кезеңде жайылманы өңдеу жұмыстары, ол бізде 4 ауданның жайылмасын қамтиды. 60 ауыл мен елдімекендерде.

Болат Аманбаев