Президент Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын өзгертті

Жаңалықтар

Бұл тұрғыда комиссия құрамына ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев енді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін, – делінген ҚР Президентінің 2025 жылғы 17 наурыздағы Жарлығында.

Аталған құжат бойынша ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамына Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі енгізілді. Сондай-ақ, Президенттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі деген жол алынып тасталды.