Қадір түнінде автобустар Арыс қаласында тегін қатынайды

Жаңалықтар

Қасиетті Қадір түніне орай көптеген сауапты істер қолға алынуда.

Игі іс Арыс қаласында жалғасын тауып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

26 наурыз күні қасиетті Қадыр түніне орай "Арыс BUS" ЖШС-нің бастамасымен қала ішінде барлық бағыттағы автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды.

Жолаушыларды арнайы аялдамадалардан жинап, мешіттен шыққан жамағатты үйлеріне жеткізеді.