Бүгін қадір түні.
Қасиетті түн күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады. Осы түні жасалған ғибадат мың айға, яғни сексен үш жылдың сауабына пара-пар. Тағы бір деректерде «қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді. Бұл түнде келесі жыл істерінің тағдыры жазылады делінген. Рамазан айында Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес. Қадір түні кірместен бұрын дәрет алып, таза ниетте қарсы алған жөн. Өткен күнәларды енді жасамауға тәубе етіп, кешірім сұрап, садақа жасау маңызды дейді Қазақстан діни басқармасының төрағасы.
Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы:
- Алла Тағала баршамыздың қате-кемшілігімізді кешіріп, өз мейіріміне бөлегей. Раббымыз қадір кешінде шынайы иманмен жасаған дұғаларымызды, намаздарымызды, берген садақаларымызды, оқыған құранымызды, қабыл етіп, сауабын еселеп жазғай. Баршаңызды ел игілігі мен бірлігі үшін дұға жасауға шақырамын. Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Амин.