"Қызылорда-Жезқазған" тас жолында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жаңалықтар

Биыл "Қызылорда-Жезқазған" тас жолында жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Қос облысты қосатын көлік жолының кейбір учаскелерінде бұған дейін асфальт болмаған. Сондықтан көктем келіп күн ерісе жол ми батпаққа айналып, көлік жүргізушілерін әбден әбігерге салады, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының хабарлауынша, бүгінде автожолдың қайта жаңарту учаскесінде тұрақты түрде күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде. Оған 5 арнайы техника мен 13 маман жұмылдырылды.

Айта кетейік, аталған тас жол Қытайдың батысы мен Ресейдің Орал өңірін байланыстыратын Е123 стратегиялық бағыты бойынша жолаушылар мен жүк тасымалын жақсартады.