Қатар даму қоры "Әбу Наср әл-Фараби" мешітін жөндеуге 8 млн доллар бөлмек

Жаңалықтар


Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.


Қатар даму қоры "Әбу Наср әл-Фараби" мешітінің жөндеу және кеңейту жұмыстарына 8 000 000 АҚШ долларын бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қатарға ресми сапары барысында Қатар даму қорының бас директоры Фахд бин Хамад Әс-Суләйтимен кездесу өтті.

"Келіссөз нәтижесінде қор Астанадағы "Әбу Наср әл-Фараби" мешітін жөндеу, қалпына келтіру, кеңейту және рухани-мәдени орталық салу жобасына 8 000 000 АҚШ доллары қаржы бөлуге келісті.

Құрылыс жұмыстары қордың бақылауымен жүргізіліп, толық аяқталған соң ҚМДБ-ға табысталады", – делінген хабарламада.