Степногорскте төрт адам көз жұмды

Жаңалықтар

Ақмола облысындағы Степногорк маңында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиға 23 наурыз күні болған.

"Степногорск – Заводской" автожолында "ВАЗ" көлігі мен "YUTONG" автобусы соқтығысқан. Апат салдарынан "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды.

"ВАЗ" көлігіндегі кәмелетке толмаған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

"Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", — деп хабарлады полиция департаменті.