АҚШ бағаны төмендету үшін Оңтүстік Корея мен Түркиядан жұмыртқа импорттай бастады

Жаңалықтар

Басқа елдермен де келім жүргізіліп жатыр.

АҚШ бағаны төмендету үшін Оңтүстік Корея мен Түркиядан жұмыртқа импорттайды. Бұл туралы жұма күні АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрі Брук Роллинз мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, екі елден импорттау процесі қазірдің өзінде басталған, сондай-ақ басқа мемлекеттермен жеткізілімдер бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

– Бұл қысқа мерзімде жүздеген миллион жұмыртқаны қамтиды, – деп атап өтті министр.

Алдын ала деректерге сәйкес, АҚШ-тағы тұтынушылық сенім индексі, Мичиган университетінің есебі бойынша, наурыз айында 57,9 пунктке дейін төмендеді. Бұл 2022 жылдың қарашасынан бергі ең төменгі көрсеткіш, инфляцияның өсуі мен жұмыртқа бағасының ұзақ уақыт бойы қымбаттауынан туындаған.