Қазақстан қалаларындағы қымыз бен шұбат бағасы қандай?

Жаңалықтар

Қазақстанда қымыздың литрі орта есеппен 1000 теңгеден басталады.

Алайда, кейбір аймақтарда баға төмен болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

  • Алматыда қымызды көп мөлшерде (50 литрден жоғары) алсаңыз, литрі 500 теңгеден беріледі. Ал дүкендерде 1000-1200 теңге аралығында сатылады.
  • Қызылордада көтерме баға да төмен – 800 теңге.
  • Көкшетауда Башқұртстаннан әкелінген қымыздың бөтелкесі 800 теңге, ал 1,5 литрлік жергілікті өнім 1700-2000 теңге.
  • Шымкентте қымыздың литрі 1000 теңге, Түркістанда бөтелкедегі өнім 1100 теңгеден басталады.
  • Тараз бен Атырауда қымыз 1200 теңге, жаз мезгілінде 1000-1100 теңгеге түседі.
  • Астанада қымыздың литрі 1200-1500 теңге, ал талғаммен таңдауға болатын тәтті немесе ысталған түрлері бар.
  • Қостанайда баға 1300-1400 теңге, Ақтөбеде орта есеппен 1419 теңге (0,5 литрі 600-800 теңге).
  • Талдықорған, Қонаев, Орал, Петропавлда қымыз 1500 теңгеден басталады.
  • Павлодарда жазда 1000-1200 теңге, ал басқа уақытта 1500-1700 теңге.
  • Өскемен мен Семейде литрі 1700-2400 теңге.
  • Батыс және орталық қалаларда баға қымбат:
  • Ақтау – 1800 теңге
  • Қарағанды – 1800-2000 теңге
  • Жезқазған – 2000-2400 теңге

Шұбат бағасы да қымыздан кем түспейді, кейбір аймақтарда тіпті жоғары.

  • Алматы, Түркістан, Ақтауда шұбаттың литрі 1000 теңгеден басталады.
  • Талдықорған мен Қызылордада – 1100 теңге.
  • Тараз, Шымкент, Атырауда – 1200 теңге, жазда 1000-1100 теңгеге дейін төмендейді.
  • Астанада – 1300 теңге.
  • Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Оралда – 1500 теңгеден басталады.
  • Петропавлда – 1600 теңге, Қонаевта – 1600-1700 теңге.
  • Қарағандыда – 1600-2000 теңге.
  • Өскемен, Семей, Жезқазғанда – 2000-2600 теңге.

Көкшетауда ең қымбат:

▫ Литрі 5000 теңге

▫ 250 грамы 1288 теңге

Алматы, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Тараз, Атырау – баға қолжетімді.

Ақтау, Қарағанды, Жезқазған, Өскемен, Семей, Көкшетау – қымыз бен шұбат қымбат сатылады.

Бұл бағалар маусымдық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Жазда кейбір өңірлерде баға төмендейді.