Енді имамдарға әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынбақ

Жаңалықтар

27 мамырдан бастап Өзбекстан мешіттерінің барлық имамдарына әлеуметтік желілерге кіруге және жазбаларға "лайк" қоюға тыйым салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы бұл шектеуді ресми түрде растады. Мамыр айының соңында барлық имамдар Ташкенттің бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтан аудио хабарлама алды. Онда имамдарға әлеуметтік желілерде пікір білдіруге және кез келген жазбаға "лайк" басуға тыйым салынғаны айтылған.

Елдегі діни ахуалға келсек, Өзбекстанда 16 конфессияға тиесілі 2285 діни ұйым бар. Олардың ішінде 2098-і исламдық ұйымдар, ал 188-і басқа діни ағымдарға жатады.

Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес, дін мемлекеттен бөлінген. Діни ұйымдар мен конфессиялардың қызметі "Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы" заңмен реттеледі.