Ақмола облысында 50-ден астам көше атауы қазақшаланды

Жаңалықтар

Қазір тағы 28 елді мекен мен 10 ауылдық округтің атауын өзгерту бойынша құжаттар әзірленіп жатыр. Жалпы кез келген ауыл мен көшеге тарихи атау беру Республикалық ономастикалық комиссияның келісімімен жүзеге асырылады. Алайда тарихи еңбегі дәлелденбеген тұлғалардың есімдерін ұлықтауға жол беруге болмайды,- деген еді Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда. Жергілікті халық бұл бастаманы құптап отыр.

Блиц-сауалнама:

- Жер-су атауын, көше атауын берер кезде елге еңбегі сіңген өңірге тарихи тұлғалар бар. Солардың есімін берсе, келесі өскелең ұрпақтың да білуіне, есте сақтауына көп әсер етеді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ономастика мәселесі туралы сөз қозғады. Мен оны өз басым орынды деп есептеймін. Біріншіден, елге белгілі тұлғаларды ұлықтау артық болмайды.

- Соңғы жылдары жеке кісілер, жеке топтар әр ауылға, көшелерге кейбір айшықты нысандарға өзін ғана мадақтайтын есімдерді қойып жатыр. Бұл дұрыс емес деп санаймын.