Астана мектебінде «Бала – толағай» спорт залы ашылды

Жаңалықтар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Бүгін наурызнаманың жетінші күні — Ұлттық спорт күні. Осыған орай Астана мектебінде «Бала – толағай» спорт залы ашылды. Ахмет Байтұрсынов атындағы №48 мектеп-лицейіндегі үйірмеде оқушыларды ұлттық спорт түрлеріне баулиды.

Үйірмеде серке көтеру, садақ ату, найза лақтыру, ләңгі тебу, арқан тарту сынды ойындардың негізгі техникасы үйретіледі. Мысалы, найзаны ұзындыққа екпінмен лақтыру керек. Найзаның ұшы жерге қадалуы шарт.

Қазыбек Иса , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз енді мәселе көтеріп жатырмыз. Кез-келген мектепте спорт залдары ашылған кезде, Ұлттық спортқа зал ашылуы керек. Ұлттық спорт далада жетім қалмауы керек. Өз елінде өгей болмауы керек.

Самал Қабышева