Қытайда жас босанған аналарға ақша беріліп, тегін сүт таратылатын болды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Zhōngguó Wǎng мемлекеттік порталының мәліметінше, Ішкі Моңғолиядағы Хух-Хото билігі бала туу көрсеткішін көтеріп, аналарға қаржылай көмек пен тегін сүт беру туралы шешім қабылдаған.
Хух-Хотода жас ата-анаға тұңғыш баласы үшін 10 мың юань (шамамен 688 мың теңге) көлемінде бірреттік төлем жүргізіледі. Ал екінші балаға ол бес жасқа толғанға дейін жылына 10 мың юань берілсе, үшінші бала үшін – 10 жасқа дейін осы мөлшерде ақша төленеді. Бұл сома жергілікті тұрғындардың орташа табысынан біршама жоғары.