Елордада қазақ тілінен өтетін тегін курсқа өтінім қабылдау жүріп жатыр

Жаңалықтар

Оқу курсына қатысу үшін өтініштер 20 тамызға дейін қабылданады. Ал оқудың өзі 2 қыркүйек күні басталады.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілінен тегін курс өткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Курс келесі мекенжайларда өтеді:

• Шұбар ауданы, Балауса 11, Жазушылар үйі;

• Бейбітшілік к-сі, 9, "Руханият" КММ;

• Ш.Құдайбердіұлы к-сі, 25/3 үй, 5-балалар кітапханасы және Астана қаласының ОКЖ Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы;

• Бөгенбай батыр даңғылы, 52. Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы;

• Р.Қошқарбаев даңғылы, 50;

• ⁠Ш.Қосшығұлұлы, 8/2

Өтініштерді қабылдау Бейбітшілік к-сі, 9, 209 кабинетте өтеді.

Байланыс телефоны: 8 7172 24 90 52; 8 747 248 82 20.