Алматыда хирург бір уақытта үш ота жасады

Жаңалықтар

Ауруханаға түскен уақытта науқастың жағдайы өте ауыр болған, органдардың жұмысындағы ақаулар мен септикалық шок салдарынан тұрақсыз гемодинамика орын алған .

Науқас 10 ай бұрын перитонит клиникасымен аурухананың қабылдау бөліміне шұғыл түрде жеткізілген.

Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының хирургы Фараби Стамкулов "үшеуі бір уақытта" көлемді күрделі отасын жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қуыс ағза перфорациясы. "Перитонит" диагнозымен науқас шұғыл түрде ота бөліміне алынды. Ота кезінде науқаста некроз және перфорация, жарылған нәжісті перитонит және іш сепсисімен асқынған ыдырау сатысындағы сигма тәрізді ішек қатерлі ісігі анықталды. Науқастың ауыр халде, өлім аузында болды. Фараби Стамкулов десцендостоманы (тоқ ішектің төмендеген бөлімі) жоюмен ісік резекциясын жасады. Бұдан кейін науқас амбулаториялық емдеуге жіберілді. 10 айдан кейін ол хирург Фараби Стамкуловқа десцендостоманы жабу үшін жүгінді. Бұған дейін жарылған нәжісті перитонит пен іштің сепсисін ескере отырып, науқаста көлемді жабыспа процесінің орын алуы болжанған еді. Сонымен қатар оның алдыңғы іш қабырғасында жасалған отадан кейін үлкен жарық болды. Хирургтің айтуынша, бұл салдар науқастың отадан кейінгі кезеңде ұсынысты дұрыс орындамауынан немесе сақтамауынан туындауы мүмкін (ол үнемі таңғыш киіп жүрмеген немесе физикалық белсендікті шектемеген), науқас мұны теріске шығарған да жоқ. Реконструктивті араласу шеңберінде науқасқа лапаротомия, энтеролиз (жабыспаны бөлу), "ұшы ұшына" десцендо-ректоанастомозды қолдану арқылы десцендостоманы жою, сондай-ақ on-lay модификациясындағы "Этикон" пролен торымен біріктірілген керілмейтін аллогерниопластика орындалды. Энтеролизді жүргізу 10 ай бұрын жарылған нәжіс перитониті мен іш сепсисінен кейін пайда болған көлемді жабыспадан аш және тоқ ішектің ілмектерін босату үшін қажет болды, – деп атап өтті Фараби Стамкулов.

Жабыспа ішек өтімсіздігіне әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде отадан кейінгі асқынуды тудырып, науқастың өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Науқасқа бір уақытта үш ота жасалды: анастомозды қолдану арқылы стоманы жою, көлемді жабыспа процесінде энтеролиз (шамамен 4 сағатқа созылатын ота) және жарықты жою үшін біріктірілген керілмейтін аллогерниопластика.

"Араласу сауытты тығыз жабыспаға байланысты күрделене түсті, бұл отаның ұзақтығын іш қуысында 6 сағаттан астам жұмыс істеуге дейін ұзартты", — дейді Фараби Стамкулов.