Miami open. Қазақстандық теннисші іріктеуді жеңіспен бастады

Жаңалықтар

Майамиде (АҚШ) ATP-1000 сериялы турнирінің іріктеу кезеңі басталды .

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко бірінші айналымдағы іріктеу кездесуін сәтті өткізді. Ол Лукас Клейнді (Словакия, 166 ATP) 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылды.

Іріктеу финалында Шевченко аргентиналық Тиаго Тирантеге (117 ATP) қарсы ойнайды. Матч бүгін, 18 наурыз Қазақстан уақыты бойынша 6-кортта 20:00-де басталады.

Ал, Михаил Кукушкин іріктеуде аустралиялық Адам Уолтонға 1:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Майамидегі турнирдің негізгі кезеңі 19-30 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, жарыстың негізгі кезеңінде 4 теннисшіміз өнер көрсетеді. 19 наурыз күні /64 финал аясында Қазақстан уақытымен 20:00-де Александр Бублик аргентиналық Себастьян Баэске қарсы кортқа шығады.

21-наурыз 1/32 финал Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, Анна Данилина сынға түседі. Олардың қарсыластары кейінірек анықталады.