Елімізде тасымал үшін комиссия Өзбекстаннан әлдеқайда жоғары болып шықты.
Көршімізде әрбір сапар құнынан 13 пайыз алым алынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал бізде бұл көрсеткіш — 20 процентке тең. Енді Бәсекелестікті қорғау агенттігі монополист компаниямен комиссияны азайту турасында келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл — бағаны түсіруге ықпал етуі тиіс. Алайда ірі қалалардағы нарықтың 90 пайызын жаулаған Яндексті құрықтау — оңай емес-дейді жауаптылар.