Сенаттың экс-депутаты Мұрат Бақтиярұлы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева ауруханада қайтыс болғанын айтты . Ол әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында дәрігерлер қателік жасады деп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сырдың тағы да бір аяулы қызынан аяқ асты айырылдық. Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева ауруханада көз жұмды. Өз аяғымен ауруханаға барып, жасауға болмайтын отаны аурухананың дәрігерлері «тез жасап береміз» деп жасатқан. Отаның нәтижесі Натальяны жансақтау бөліміне, одан кейін жасалған оталар нәтижесіз болып, соңы бір адамның өліміне алып келді. Бұл дәрігер оташылардың өрескел қателігі деп білемін, — деді Мұрат Бақтиярұлы.
Сөзінше, ол да осыдан үш жыл бұрын осындай жайтты басынан өткізген. Бақтиярұлына жасалған үш отаның дұрыс емес екенін неміс дәрігерлері айтып берген.
Германияда сәтсіз оталар болмайды, болған жағдайда ол дәрігер сотталады не өмір бойы өз мамандығына жолатылмайды. Кеңес кезеңінде біздің медицина әлемдегі ең мықты болып саналатын. Қазір ше? Сұрақ көп, жауап жоқ, — деп жазды ол
Экс-сенатор бұл жағдайды жылы жауып қоюға болмайтынын және кінәлі адамдар жауапқа тартылу керек екенін айтты.