Заңсыз ет сатқан цехтар әшкере болды

Жаңалықтар

ІІМ ет өңдеумен айналысқан заңсыз цехтарды анықтап жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейінгі бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 37%-ға азайды. Сондай-ақ, 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылғы екі айда бұл қылмыс түрі 47,2%-ға төмендеген.

Былтыр екі айда мал ұрлығының 217 дерегі тіркелсе, биыл 152 дерек анықталыпты.

Қазір ел аумағында "Мал ұрысы" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Семей қаласынан 17 шақырым жерде тиісті құжаттарсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз етті қайта өңдеп, сатқан заңсыз цех анықталды. 350 бас ірі қара мал, ет өнімдері және етті бөлшектеуге арналған арнайы жабдықтар, 96 құлақ жапсырмалары тәркіленді.

Шымкентте осыған ұқсас тағы бір цех анықталды. 30-дан аса ірі қара мал және 40 жылқы тәркіленді.

Жетісу облысында еркін жайылымнан бес сиырды ұрлап әкеткен ер адам ұсталды.

"Барлық дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады", — деді ведомство өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз