Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік ұсталды

Жаңалықтар

Түркістан облысында көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Осы шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейдке көші-қон қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, криминалдық және патрульдік полиция жұмылдырылды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде Ордабасы ауданында 9 құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ үш азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, іс-шара кезінде полицейлер шетелдік азаматтармен және жұмыс берушілермен көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.