Қарағандыда есірткі жарнамасына қарсы рейд жүргізілді

Жобалар

Қарағандыда еріктілер есірткі жарнамасына қарсы рейд жүргізді, деп хабарлайды 24KZ. Кезекті акция қаланың Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты Сұрыптау елдімекенінде өтті. Шараға қатысқан 20-дан астам ерікті тыйым салынған заттарды насихаттайтын жазулар мен суреттерді жойды.

Ауқымды акцияға жастар ресурстық орталығы бастамашы болды. Жыл басынан бері осындай 60-қа жуық рейд өтіп, 2000-нан астам жазу жойылды.

Якуб Жамалов, Жастар ресурстық орталығының директоры:

- Рейдтер барысында тыйым салынған заттар жарнамаланған жазулар мен суреттер анықталып, олар жойылды. Акцияға белсенді жастар, қоғам қайраткерлері, спортшылар және полиция қызметкерлері қатысты. Тұрғындарды бізге қосылып, қаланың тазалығы мен қауіпсіздігіне үлес қосуға шақырамыз.