Талғарда екі жасар бүлдіршінді ұрлаған күдікті ұсталды

Жобалар

Жантүршігерлік жағдай. Талғарда ер адамды өлтіріп, екі жастағы бүлдіршінді ұрлап әкеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Абырой болғанда, құтқарылған бала дін аман. Қазір анасына табысталды. Мұны ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді. Қазір аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бүлдіршіннің анасымен бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Олардың арасында жанжал туындап, жәбірленушінің ағасын мылтықпен атып өлтірген.