Айгүл Иманбаеваның күйеуімен құшақтасып тұрған видеосы көптің қызу талқысына түсті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Өнер иесі желідегі парақшасында күйеуімен құшақтасып, аймаласып тұрған сәтінен видео жариялаған.
“Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр
Марк Твен”, — деп жазды ол.
Алайда, желі қолданушылары әншіні қатаң сынауда. Олар мұндай жеке дүниелер жариялауды қажет етпейтінін айтуда.
”Ыңқылдап, сұңқылдап не істеп тұр?! Үйлеріңде армансыз, еркін кұшақтассаңдар болмай ма?! Жиіркенішті”, “Еп-ерсі”, “Сәл ұяттау екен”, “Ұят болмасында жүргенде сүйсініп қарайтын әртісіміз еді”, “Біреуге бір нәрсе дәлелдегің келе ме, мұндай нәрсені жарияға жар салмасаң да болады”, — деп жазды олар.


