Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында анасына қатысты жүрек тебірентерлік видео жариялады. Өнер иесі анасының қадірі туралы айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші көпшілікті ата-анасын көзі тірісінде бағалап, оларға жылы сөз айтып, көңіл бөлуге шақырды.
«Аналарыңыздың көзі тірісінде қадірін біліңіздерші. Кейін өте кеш болады. Өмірден өткеннен кейін қадірлеудің қажеті жоқ. Хабарласыңыздар, жылы сөйлесіңіздер, барынша жақсылық жасауға тырысыңыздар. Ешқашан ата-аналарыңызға ауыр сөз айтпаңыздар», – деді Айгүл Иманбаева.
Өнер иесі өзі көп уақытын сыртта өткізетіндіктен, анасына қалағанынша көңіл бөле алмай жүргеніне қынжылатынын айтты.
«Мен көбінесе сыртта жүремін, анама көп көңіл бөле алмай жатамын. Сол жүрегіме қатты батады. Менің келінім болса да, анам таңертең ерте тұрып, маған өз қолымен таңғы ас жасап береді. Тойып тұрсам да жеуге тырысамын. Себебі қандай махаббатпен, шын ниетпен жасайды», – деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от