Тұңғыш Президент Музейінде «Үнқатысу өнері» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің Ермек Серкебаев атындағы № 3 балалар музыкалық мектебін бітіргені туралы куәліктерді тапсыру рәсімі өтті.
Іс-шара Музейдің қосымша білім беру мекемелерімен және мәдени ұйымдармен табысты серіктестігінің жарқын көрінісіне айналды. Мектеп түлектері мәдениет, тарих және өнер біртұтас білім беру кеңістігіне айналған мекеме қабырғасында ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын білдіріп, музыкалық нөмірлерін ұсынды.
«Үнқатысу өнері» жобасы Музейде креативті индустрияны дамыту, шығармашылық әлеуетті қолдау және Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілету бойынша ұзақ мерзімді бастама ретінде іске асырылуда. Жобаның негізі – Музейдің білім, ғылым және өнер өкілдерін біріктіретін ашық диалог алаңы ретіндегі идеясы.