Тұңғыш Президент музейі Жеңіс күніне арналған іс-шаралар топтамасын дайындады

Қосшы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Тұңғыш Президент музейі тарихи жадыны сақтау және қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесін қайта қарастыруға арналған іс-шаралар топтамасын өткізеді .

4 сәуірде «Ұлы Жеңіс: алғашқы жолдан соңғы жолға дейін…» атты кітап-иллюстрациялық көрменің ашылуы басты оқиға болмақ. Экспозицияда алғаш рет музей қоры мен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бірегей архив материалдары көпшілік назарына ұсынылады.

Көрмеге келушілер сирек кездесетін басылымдардың түпнұсқасын, майдан баспасөзін, әскери үгіт-насихат плакаттарын, сондай-ақ қазақстандық майдангер жазушылардың әдеби мұрасын тамашалай алады.

Көрмеге қатысу үшін мына нөмірлерге хабарласу қажет: 8 717 2 708331, +77022586608.