IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) пен аса ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко (14-0, 13 КО) рингке қайта оралатын күн белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1bol.kz жазуынша, қос боксшының келесі жекпе-жектері 19 шілде күні АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Вашингтон қаласында өтеді деп жоспарланған. Алайда әзірге қарсыластарының есімдері жарияланған жоқ.
Қазір Данияр мен Иван Питтсбург қаласының маңында орналасқан жаттықтырушы Том Янкеллоның залында дайындығын пысықтап жатыр.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы рет 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда жұдырықтасып, филиппиндік Джо Нойнаны (23-5-2, 11 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Ал Иван Дычко 2024 жылдың тамыз айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсіргеннен кейін рингке шықпаған.