"ҚазАвтоЖол" Тараз-Шымкент трассасындағы жүк көлігінің апаты бойынша пікір білдірді

Жобалар

"ҚазАвтоЖол" компаниясы Тараз — Шымкент автожолындағы жол-көлік оқиғасы бойынша соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылғы 6 маусым сағат 21:30 жағдай бойынша көлік қозғалысы бір жолақпен кезектесіп жүзеге асырылуда. Үшінші күн қатарынан ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұзаққа созылуының себебі — ірі габаритті жүк арнайы техниканы пайдалануды қажет етеді.

Оқиғаның салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Жүргізушілерден жолдың осы учаскесінде қозғалыс ерекшеліктерін ескеріп, барынша сақ болуды сұраймыз,-делінген мәліметте.