0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Үш күнге жалғасқан Халықаралық Infomatrix-Asia инновациялық байқауы өз мәресіне жетті. Халықаралық байқау мектеп оқушылар арасында компьютерлік жобалар бойынша үздіктерді анықтады. 10 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан білім бәйгесі технология, ғылым және цифрлық салаларды қамтиды. 9 сала бойынша үздік деп танылған қатысушыларға жоғары оқу орындарының білім гранттары беріледі. Байқауға әлемнің 9 мемлекетінен 500 оқушы қатысқан. Атап айтқанда Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Гонконг, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен оқушылар келді.
Қуат Қожахметов, «Білім- Инновация» ХҚҚ вице- президенті:
Осы жарыстың мақсаты оқушылардың бойында зерттеушілік, цифрлық дағдыларды қалыптастыру және келешекте компьютер саласында мамандарды әзірлеу болып табылады. Оқушылардың осындай деңгейіне біз өте қуанамыз және осы деңгейді әріқарайда дамытуды жалғастырамыз, өз үлесімізді қосамыз.
Серік Жұмабек