Былтыр елде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша полицияға 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды 24kz.
Оларға қатысты 72 мың қорғау нұсқамасы берілді және 16 мыңына сот шешімі қабылданды. Елде дағдарыс орталықтарының жұмысына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қазір мұндай 69 мекеме жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері онда 5500 келіншек көмек алған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда әйелдер құқығына қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарып отыр.