Айзат Жұманованың қазасы қайта тергелуі мүмкін

Жобалар

Жетісу облысы Баласаз ауылында Айзат Жұманованың өліміне қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Марқұмның туыстары күдікті болған күйеуі Айбар Жанболатқа тағылған айыппен келіспейді. Тергеу органдары оның үстінен «абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын қасақана келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ал Айзаттың жақындарының айтуынша, ол бірнеше сағат бойы азапталған. Ата-анасы қызының қазасы жайлы тек келесі күні білген. Марқұмның туыстары бұл әрекетті зорлықпен жасалған өлімді жасыру амалы деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, Айзат 22 маусымға қараған түні Талдықорған ауруханасына жеткізілгенде дәрігерлер оның қайтыс болғанын растаған.

Бүгінде марқұмның отбасы сараптама нәтижесін және күдіктінің әрекетіне әділ баға берілуін күтіп отыр. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап, ресми қорытындыны жақын арада жариялауға уәде берген.

Раушан Дәуренбекова, Айзат Жұманованың туысы:

- Біз күйеу баламызға берілген баппен келіспейміз. 106-бап 3-ші тармақ деп беріп отыр. Біздің қызымызды өлтіргенін мойындасын. Өйткені ауруханаға әкелгенде ол қыз өлі болған.

Арман Сұлтанұлы, ПД Тергеу басқармасының бастығы:

- Маусым айының 22-сі күні Жетісу облысы тұрғыны қайтыс болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу, тексерілу жүргізіліп жатыр. Күдікті тергеп-тексерудің алғашқы күнінен бастап қамауда отыр. Қазіргі таңда тағайындалған бірқатар сараптама қорытындылары дайын болған соң прокуратура органдарының келісімімен күдіктінің әрекетіне түпкілікті құқықтық баға беріледі.