0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Жамбыл облысының Меркі ауданында ішек ауруына шалдыққандар саны 18-ге жетті. Қазір аудандық ауруханада 17 бала, 1 ересек адам емделіп жатыр.
Бұдан бөлек 4 бүлдіршін үйлерінде ем қабылдауда.
Еске сала кетейік, екі күн бұрын балабақшадағы 10 бала ішек инфекциясы және энтеровирус диагнозымен ауруханаға түскен болатын. Енді олардың ата-аналары мен туыстарының денсаулығы нашарлап, дәрігер көмегіне жүгінуде. Осы оқиға бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Аурудың неден шыққаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Данияр Әлімқұл