Алматыда «Борышкер» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр,деп хабарлайды 24kz.
Оның мақсаты – айыппұл, салық берешегі және алимент төлемдерін өндіруге бағытталған. Шараны полицейлер, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және жеке сот орындаушылары бірлесіп атқарады. Ол үш күнге жалғасады. Осы уақытқа дейін 9 адамның көлігі айып тұрағына қойылды. Былтыр осындай жұмыс нәтижесінде 66 жүргізуші 13 миллион теңгеден астам қарызын өтеген. «Миллиондаған теңге айыппұлы бар адамдар жасырынып жүре бергісі келеді», — дейді тәртіп сақшылары.
Данияр Ниязұлы, патрульдік полиция инспекторы:
- Өзімнің тәжірибемде, өзімде болғаны алдында 2,5 миллиондай айыппұлы бір автокөлікке хабардар етіп, таныстырып. Айыппұлы төленбеген. Осы «Қорғау», «Сергек» камераларына түскен. Ондай жағдай болатын болса, айыптұраққа қойылады көлігі. Хаттамалар барлығын. Сосын төленгеннен кейін шығатын болады.