Әлеуметтік желіде жолда жүру жылдамдығына қатысты фейк тарап жатыр
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Желіде «сағат 00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 шақ/сағ болатыны» жөнінде ақпарат тарап жатыр. ІІМ пікірінше, тарап жатқан хабарлама — фейк. «Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін рұқсат етілген стандарт жылдамдық — 60 шақ/сағат. Камералар жылдамдықты 70 шақ/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды. Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол ережелерін сақтап, мұқият болыңыздар!» — деп жазылған хабарламада.Мән-жайы
ІІМ пікірі